420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау өңіріндегі үш аудан мен бір қала халқы ауыз сусыз қалуы мүмкін

  • 196
  • UPD: 13:30, 11.09.2020
Маңғыстау өңіріндегі үш аудан мен бір қала халқы ауыз сусыз қалуы мүмкін

«Астрахань-Маңғыстау» су құбырының жарылуынан Маңғыстау өңіріндегі үш аудан мен бір қала халқы ауыз сусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті атқарушы органдар Жаңаөзенге қарайтын Теңге, Рахат ауылдарына, Бейнеу ауданындағы 6 ауыл, Қарақия ауданында 2 елді мекен мен Маңғыстау ауданындағы 5 ауыл халқына су тапшылығы боларын кешелі бері ескертіп келеді. Жалпы Бейнеу ауданындағы резервуарларда ауыз судың қоры алдағы 7 тәулікке, Жаңаөзенде 1 жарым тәулікке жетеді деген болжам бар. Ал Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық, Шебір, Қызан, Ақшымырау және Сай-Өтес ауылдарында су қоры 3-4 күнге жетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы