424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отбасылық және бұқаралық шараларды өткізуге салынған тыйым сақталады

  • 168
  • UPD: 11:42, 13.09.2020
Отбасылық және бұқаралық шараларды өткізуге салынған тыйым сақталады

Елордада карантин тәртібі жеңілдей түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай бассейндердің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ бұл тізімге су аттракциондары кіргізілмеді. Сыйымдылық 50%-тен аспау керек. Сонымен қатар бас шаһардағы кафелердің жұмыс уақыты таңғы сағат 9:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ұзартылды. Олардың демалыс күндері де қызмет етуіне рұқсат. Бірақ бұл талап тұрғын үй ғимараттарында орналасқан нысандарға қатысты емес. Олардың жұмысы бұрынғыша 22.00-ге дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы