426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германиядағы курортта коронавирусты жаппай жұқтыру дерегі тексеріліп жатыр

  • 91
  • UPD: 13:42, 14.09.2020
Германиядағы курортта коронавирусты жаппай жұқтыру дерегі тексеріліп жатыр

Германияның Бавария аймағындағы курорттың бірінде адамдардың вирусты жаппай жұқтыруы тіркеліп, тексеру басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының пайымынша, дертті бір америкалық турист әйел таратқан болуы мүмкін. Себебі, ол коронавирусқа шалдыққанына қарамастан, оқшаулану туралы талапқа құлақ аспай, түнгі клубтарға барған. Салдарынан вирусты 50-ден астам адам жұқтырған. Оқиғадан кейін Гармиш-Партенкирхен қаласындағы мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқартылып, сақтық шаралары күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы