431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде алғаш рет жүрекке ерекше операция жасалды

  • 154
  • UPD: 22:00, 15.09.2020
Семейде алғаш рет жүрекке ерекше операция жасалды

Хал үстіндегі науқастың кеудесін тілмей, ақауы бар қақпақша ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер 79 жастағы науқасқа жүрек қақпақшаларының төртінші дәрежелі жетіспеушілігі диагнозын қойған. Хирургтер күретамыр арқылы жүрекке жетіп, арнайы катетердің көмегімен зақым келген бөлікті ауыстырды. Рентген арқылы бақыланған операцияны семейлік мамандардың сәтті жасауына түркиялық кардиохирург көмек берді. Дәрігерлердің айтуынша, озық технология қолданылған операция науқастар үшін жеңіл өтеді екен. Тың тәсілдің арқасында пышаққа түспеген қарт төсекке таңылмай жуық арада өздігінен жүріп-тұра алады.

Ертұғырыл Окуян, кардиохирург:

- Біз ағзасында көптеген ауытқулары бар егде кісіге операция жасадық. Жүрек тұсын кеспей, ақауы бар қақпақшаларды ауыстырып үлгердік. Бұл өте жақсы жетістік. Науқас 2-3 күнде аяққа тұрып, өзгенің көмегінсіз еркін қозғала алады.

Хабар 24 телеарнасы