427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 30 мыңнан астам компьютер оқушыларға тегін таратылады

  • 297
  • UPD: 14:55, 18.09.2020
Шымкентте 30 мыңнан астам компьютер оқушыларға тегін таратылады

Шымкентте 80 мыңнан астам оқушыға қашықтан білім алу үшін жағдай жасау қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда Үкімет резервінен оқушыларға 30 мыңнан астам компьютер тегін таратылады. Осындай бір оргтехниканың құны 155 мың теңге құрап отыр. Десекте әлі де компьютер тапшылығы бар дейді білім саласына жауаптылар. Ал осы құрал-жабдықтарды қалай үлестіріліп жатқанын жемқорлыққа қарсы департамент мамандары қадағалап отыр.

Нариман Қасымбеков, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Тегін үлестіріліп жатқан бұл компьютерлер мемлекеттің мүлігі болып саналады. Сондықтан оған ата-аналар мен балалар үлкен жауапкершілікпен қарағандары жөн. Уақыты келгенде кері қайтарылатын құралдар бұзылған жағдайда ата-аналар жауапкершілікке тартылмақ. Ал интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекет бөлген қаржыдан бөлек «Қазақтелеком» өз есептерінен 3800 отбасыға ғаламтор желісін тартып беріпті.

Хабар 24 телеарнасы