432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұдан былай Ақтөбе облысындағы локдаун жексенбіде ғана сақталады

  • 256
  • UPD: 17:48, 18.09.2020
Бұдан былай Ақтөбе облысындағы локдаун жексенбіде ғана сақталады

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді құжатқа сәйкес қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін қабылдай алады. Ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәмханалардың жұмыс істеуіне де рұқсат. Бірақ әлі де мерекелік және ұжымдық іс-шараларды өткізуге болмайды. Сондай-ақ ашық алаңдағы кинотеатрлар да жұмыс істей алады. Азық-түлік дүкендерінен өзге, сұлулық салондары, фитнес орталықтары және спорт кешендерінің қызметі де қалыпты режимде жалғасады. Десе де, кей нысан демалыс күні жұмысын уақытша тоқтатуы тиіс.

Гүлбану Дәулетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Локдаун жексенбі күні және мереке күндері сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық орталықтары, сонымен қатар азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарларға жұмыс жасауға рұқсат етілмейді. Олар міндетті түрде жабық болуы керек.

Ал, шектеу шараларын бұзған заңды және жеке тұлғаларға қатысты соңғы екі айда 61 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандары белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеп, санитарлық талапқа салғырт қараған. Сонымен қатар тұрғындардың той-садақа және өзге де отбасылық іс-шараларды өткізуі тыйылмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы