427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантин тәртібі жеңілдетілді

  • 216
  • UPD: 11:14, 19.09.2020
Алматы облысында карантин тәртібі жеңілдетілді

Алматы облысында бүгіннен бастап карантин тәртібін жеңілдетудің кезекті кезеңі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес діни нысандар, сән салондары, монша және фитнес клубтары демалыс күндері де жұмыс істейді. Бірақ санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс және әр келушіге 4 шаршы метр аумақ қарастырылуы қажет. Одан бөлек сауда орталықтарының жұмыс уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды. Жалпы облыста коронавирус жұқтырудың 4945 дерегі тіркелген. Аурушаңдық деңгейі бір аптаға шаққанда 0,1%-ті құрап отыр. Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Әлия Шағиахмет, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

– Ойын-сауық орталықтарының жұмыс жасауына тыйым салынады. Лотоклубтар, боулинг, биллиард және кинотеатрлар жұмыс жасамайды. Демалыс күндері үлкен сауда үйлері, азық-түлік сатылатын және сатылмайтын базарлар өз жұмысын тоқтатады.

Хабар 24 телеарнасы