428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысы оқушылардың төбелесіне қатысты іс қозғалды

  • 98
Ақтөбе облысы оқушылардың төбелесіне қатысты іс қозғалды

Ақтөбе облысында мектеп жасындағы қыз балалар төбелесіп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір-бірімен керісіп, соңы жанжалға ұласқан жоғарғы сынып оқушыларының әрекеті интернет желісіне тарап кетті. Бұл оқиға Темір ауданында болған. Кейін анықталғандай төбелеске Шұбарши, Саркөл және Кеңқияқ ауылдарындағы мектептерде оқитын 8 бен 10-сыныптағы қыздар қатысқан. Қазір осы дерекке қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын қолға алған. Білім басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, қазір жұмыс тобы құрылды. Ата-аналармен де кездесу ұйымдастырылған.

Нұргүл Бертілеуова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда облыстық Білім басқармасы тарапынан да зерделеу тобы құрылды. Бұл оқиғаның себебі психологиялық жағынан да қаралады. Үш мектеп директорына, сынып жетекшілеріне және тәрбие жөніндегі орынбасарларына барлығына тәртіптік жаза қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы