429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бидайдың сатылымдағы бағасы айтылды

  • 205
  • UPD: 15:55, 22.09.2020
Бидайдың сатылымдағы бағасы айтылды The Qazaq Times

Күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинап болғаннан кейін белгіленетін болады.

ҚР Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың сатып құнын белгілегенін атап өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай тоннасына 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады, Бұл ретте сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де ескерілді», – деді С.Омаров.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде форвардтық сатып алу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырылды, 516 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға келісімшарт жасалды.

Еске салсақ, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан (93,4%) астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жинағанда 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна).

Хабар 24 телеарнасы