428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық дәрі-дәрмек экспорты 5,4% азайды

  • 197
  • UPD: 23:39, 22.09.2020

Коронавирус етек жайған тұста отандық препараттар экспорты 5,4% азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық компаниялар 1,3 млн доллар кіріс жоғалтқан. 2019 жылы инвестиция көлемі 8,1 млрд теңгеге жеткен еді.

Коронавирус салдарынан қазақстандық фармацевтикалық экспорттық өнімнің бір бөлігі өз елімізде қалатын болды. 2020 жылдың 5 айында өндірілген отандық өнімнің көлемі 150,6 млн долларға жетсе, оның 22,6 млн доллары экспортқа тиесілі.

Дина Жанибекова. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ салалық даму орталығының бас сарапшысы:

– Қазір де біздің нарықта өндірілетін дәрілер – аналогтар. Аналогтар ішкі нарықта емес, сыртқы нарықта да экспорттандырылады. Ресей 80 пайыз, Қырғызстан екінші орында, Монғолия, Түрікменстан. Жеңіл өнеркәсіп пандемия басталған кезде медициналық маскалар шығаратын кәсіпорындардың қуаты екі есеге артты және күніне 340 мың данаға жетті. Сонымен бірге «Тыныс» АҚ кәсіпорны айына 500 данаға дейін ИВЛ аппараттарын шығарады.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша 2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында бірнеше шаралар жүзеге асырылады. Фармацевтика өндірісін 2,5 есеге, яғни 92-ден 230 миллиард теңгеге дейін арттыру міндеті тұр. Ал дәрі-дәрмектің экспортын 174 млн АҚШ долларға дейін ұлғайту көзделген. Сарапшылардың айтуынша, біздің өндіріс халықаралық талаптарға сай жұмыс істейді.

Жанәділ Нысанбаев, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы:

– Дәрілердің нормативті құжат бойынша біріншіден толық сараптамадан өтеді. Көрсеткіштері толық тексеріліп, сапасы, тиімділігі тексеріледі. Теріс нәтиже берілсе, кері қайтарылады. Аналогтары қызу түсіретін, антибиотик, бетперде көптеп шығарылады.

Коронавирус басталғалы бері отандық кәсіпорындар қайта пайдаланылатын қорғаныш костюмдер және медициналық қолғаптар тіге бастады. Ал медициналық бетперделер күніне 1,2 млн данаға дейін өндіріледі.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Жандос Битабаров, Асқар Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы