428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы су айдындардың жағалауы ластанып барады

  • 175
  • UPD: 15:25, 23.09.2020
Жамбыл облысындағы су айдындардың жағалауы ластанып барады

Жамбыл облысында көл-тоғандардың жағалауы күл-қоқыс алаңына айналып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Талас ауданындағы Бөгеткөл мен Ақкөл көлдерінің жағасы ластанып, адам жиіркенетіндей күйге түскен. Төңірегінде қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Мамандар бұл тазалықтың жоқтығы мен жұртқа түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегеннен деп отыр. Сондай-ақ өңірдегі табиғат пайдаланушылары су маржандарының тұқымын ауыстырып, көбейтіп тепе-теңдікті ұстап отыруға және тазалықты сақтауға міндетті. Алайда көп жағдайда өңірдегі кәсіпкерлер көлдің балығын сатып қалтаға басуды ғана ойлайтын болған. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 69 су айдынын иеленіп талапты орындамай отырған шаруақожалықтармен келісімшартты бұзбақ.

Ерназарбек жантаев, облыстық табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы:

- Көлді алған кәсіпкердің өзіне жаза қолдану керек. Хат жіберіліп жатыр қазір. Өйткені олардың сол көлді ұтып алған кезде бизнес жоспарда көрсетеді. Біз мына көлдің басына келетін балықшылар түсетін үйшік қоямыз. «Көлді көріп, сіз күл-қоқысыңызды тастамаңыз», деп халыққа ескертіп жүретін сол көлді қору үшін бір-екі қорықшы ұстау керек. Ал, ондай қорықшы ұстамайды. Өйткені ол қорықшы ұстағаннан кейін жалақы талап етеді ғой.

Хабар 24 телеарнасы