428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы 1 айда азық-түлік 11%-ке қымбаттады

  • 172
Соңғы 1 айда азық-түлік 11%-ке қымбаттады

Бұл туралы Қазақстан коммунистік халық партиясы өткізген жиында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір қазақстандықтардың басым көпшілігі табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды. Елдегі инфляцияға арналған бұл жиынға әкімдік өкілдері де қатысты. Олар бағаның шарықтап кетпеуі үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Мәселен, 2022 жылға дейін елордада үш көтерме сауда орталығы салынады.

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өз тауарларын бас қалаға делдалсыз жеткізуге мүмкіндік береді. Әрі бұл орталықтар бағаның маусымдық құбылуының алдын алар еді.

Юрий Копко, ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің мүшесі:

– Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кооперация және ұжымдық меншік туралы бөлімді қайтару керек. Ол осыған дейін болған. Алайда алынып тасталды. Ал кейіннен құрылған кооперативтер жеке меншікке арналып әзірленген жаңа құжаттар бойынша жұмыс істей алмайды.

Хабар 24 телеарнасы