430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ауыл шаруашылығы техникасының 83%-і әбден тозған

  • 95
  • UPD: 17:59, 24.09.2020
СҚО-да ауыл шаруашылығы техникасының 83%-і әбден тозған

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін пайдалануға жарамсыз 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы есептен шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ауыл» партиясының өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары, шаруалар және қаржы институтының жетекшілері ауыл шаруашылығын механикаландыру туралы ұсыныстарын айтты. Жылда осы мақсатқа қомақты қаржы жұмсалғанымен трактор 83%, ал комбайндар 72%-ке тозған. Ал биыл аймақта машина-трактор паркін жаңартуға 40 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Темірғали Әбілмәжінов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

- Облыс бойынша қазіргі уақытта 83% тозған техника. Кей аудандарда ол 90%-ке дейін жетеді. Жаңарту 4,3% қана. Жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Бірақ осының нәтижесі әлі жоқ деп айтуға болады. Сондықтан бізге қазіргі уақытта нәтиже керек.

Хабар 24 телеарнасы