428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 20 оқушы коронавирус жұқтырған

  • 177
  • UPD: 22:13, 25.09.2020
СҚО-да 20 оқушы коронавирус жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйек айы басталғалы 20 оқушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 7-і мектепте кезекші сыныптарға барған. Өзгесі қашықтан білім алған.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Жаңа оқу жылы басталғалы өңірде 20 бала коронавирус инфекциясын жұқтырып алған. Бұл ақпаратты тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары растап отыр. Кеселге шалдыққан 13 оқушы қашықтықтан, яғни онлайн түрде үйде білім алыпты.

Қазір барлығының жағдайы жақсы. Ең бастысы симптомсыз ауырған екен. Айта кету керек, қауіпті індет облыстағы 5 мектептен анықталды. Оның төртеуі Петропавл қаласында болса, біреуі Уәлиханов ауданың орталығы Кішкенекөл ауылында. Қазір өңірде әзірге бір мектеп карантинге жабық. Оның өзі дүйсенбі жұмысын бастайды. Эпидемиолог дәрігерлердің айтуы бойынша науқастармен 109 адам байланыста болған. Жалпы осы сұраққа қатысты біз білім басқармасының өкілдерінен сұхбат алған едік.

Мафруза Науанова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Бес мектепте оқитын 7 бала індетті жұқтырған. Кесел табылған сыныптар карантин кезінде қашықтықтан оқыды. Карантин кезін барлық санитарлық талап бойынша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Коронавирус инфекциясы Қызылжар ауданындағы балабақшадан да табылды. Бірақ балақай 18 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие беретін ошаққа бармаған. Бүлдіршіннен алыған тест бүгін оң нәтиже көрсеткен. Қазір ол қажетті ем дом қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы