429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да биіктігі 12 сантиметр қар жауды

  • 248
  • UPD: 13:50, 26.09.2020
ШҚО-да биіктігі 12 сантиметр қар жауды фото: altaynews.kz

ШҚО-ның бірқатар аудандарында қар жауып қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласының маңында қар түсті. Тұрғындар алғашқы қардың фотосуреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр.

Айтуларынша, Ұрынқай ауылында жауған қардың биіктігі 12 сантиметрге дейін жетіпті. Ал Риддердің тауларындағы қар тас жол мен шыршаларды басып қалған деседі.

Синоптиктердің айтуы бойынша таулы өлкелерде қардың ерте түсуі таңқаларлық жағдай емес. Дегенмен, осы жылы қыстың лебі ерте келгенін олар да мойындап отыр. Алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді деп болжануда.

Хабар 24 телеарнасы