432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құс тұмауы: Қостанай облысында тағы үш ауыл карантинге жабылды

  • 167
  • UPD: 18:02, 29.09.2020

Қостанай облысында құс тұмауы өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі тағы үш ауылда карантин жарияланды.

Толығырақ ақпаратты телефон арқылы тікелей байланысқа шығып тұрған тілшіміз Мағауия Қалиевтен сұрап білсек.

Диктор:

- Мағауия, тағы қандай елді мекендер індет ошағы анықталды?

Мағауия Қалиев, тілші:

- Тобыл өңірінде құс тұмауы күннен күнге күш алып барады. Бүгін карантинге іліккендердің қатарына тағы үш ауыл қосылды. Атап айтсақ...

Арқалыққа қарасты Фурманов, Целинный және Қарабалық ауданындағы Михайлов ауылдарында қырылған қанаттылардан құс тұмауы анықталған. Арқалық қалалық ветеринария басқармасындағылардың айтуынша, екі ауылда 300-ден астам жеке үйлердің үйрек, қазы өлген. Ал жергілікті тұрғындар нақты шығын одан көп екендігін айтады.Жалпы Арқалық маңындағы ауылдарда жеке аулаларда барлығы 20 мыңдай құс бар.

«Бүгінде солардың 90%-іне вакцинация жасалды», - дейді жергілікті ветеринарлар. Олар бұл жұмысты бүгін бітіреміз деп отыр.

Айта кетелік, Облыста сонымен алты елді мекен құс тұмауына байланысты карантинге жабылды. Ал індеттен қырылған жеке үйлердегі құстардың саны ресми мәлімет сүйнсек, 3 мыңға тақаған.

Хабар 24 телеарнасы