427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы: ШҚО кандидаттарынан 800-ден астам ұсыныс түскен

  • 209
  • UPD: 22:12, 30.09.2020
«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы: ШҚО кандидаттарынан 800-ден астам ұсыныс түскен

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының кандидаттарынан 800-ден астам ұсыныс түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өтініштерге байланысты аймақта мектептер, балабақшалар және 130-ға жуық үй салынады. Ал Семей қаласын дамытудың бесжылдық кешенді жоспарын жүзеге асыруға 260 миллиард теңге бөлінбек. Сонымен қатар партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған делегация «Абай-Шәкәрім» мемориалды кешенінде болды.

Төлеген Жанғалиев, Абай ауданының тұрғыны:

- Бұл сонау Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған сара жол. Ең бірінші рет өзі Президентке сайланғанда Абай елінен бастады. Одан кейін төрт рет Абай еліне келген. Одан кейін біздің елдің абыз ақсақалдан бата алған. Енді сары жол дейтін себебіміз, Тоқаев өзіміздің Президентіміз бірінші жолын Абаймен келді. Бірінші қаулысын Абайдың 175 жылдығын тойлауды қол қоюмен  бастады. Тұңғыш рет жай ғана зират қой. 25 жыл өтті Президентіміздің арқасында дүниежүзіне осында 150 жылдығына арнап той жасадық. Биыл 175 жылдығы.

Хабар 24 телеарнасы