428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразия ұлттық университетіне қарасты студенттік үйлер кешенінің іргетасы қаланды

  • 135
  • UPD: 15:49, 01.10.2020

Елордада Еуразия ұлттық университетіне қарасты студенттік үйлер кешенінің іргетасы қаланды. Бес қабатты нысан 2 мың 361 орынға жоспарланған.

Ауданы 45 мың шаршы метрге жуық. Кешен аумағында тамақтану және уақытты тиімді өткізу орталықтары, жаттығу залдары, спорт алаңдары мен дүкендер қарастырылған. Университет өкілдерінің айтуынша, енді студенттер пәтер жағалап жүрмейді. Кешен жатақхана мәселесін түбегейлі шешеді.

Айта кетейік, студенттер үйі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында салынады.

Хабар 24 телеарнасы