428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі әлеуметтік қызмет орталығы 200-ден астам қарияға құрмет көрсетті

  • 140
Семейдегі әлеуметтік қызмет орталығы 200-ден астам қарияға құрмет көрсетті

Мереке қарсаңында жас буыннан сый-сияпат алғандардың бірі – Анна Казаченко, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғыны бүгінде – 104 жаста. Кейуананың әлі де санасы сергек, күш-қуаты бойында. Ол соғыс жылдары комбайн жүргізіп, трактор тізгіндеген. Жалпы Семейде ғасыр куәсі атанған 16 тұрғын бар.

Анна Казаченко, тыл ардагері:

– Ең бастысы, адал еңбек ету керек. Халықтың алдында жүзің жарқын жүру үшін әділет пен тура жолды ұстанған жөн. Адамдарға тек ізгілік жасай білсең, сол жақсылығыңның барлығы өз алдыңнан шығады. Оған мен куәмін. Сондықтан баршаңызға денсаулық пен бақытты өмір тілеймін!

Роза Оралова, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлім меңгерушісі:

- Әлеуметтік қызметкер аптасына 3 рет келіп, Анна Федоровнаны азық-түлікпен қамтамасыз етеді және барлық төлемін төлеп береді. Аптасына 1 рет үйін жинап, жуып береді. Бүгінгі күні арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 960 1,2,3-топ мүгедектері мен қарттарына қызмет көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы