432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Astana LRT қызметкерлеріне қатысты іс сотқа жіберілді

  • 175
  • UPD: 19:59, 02.10.2020

Елорда әкімдігі мен Astana LRT қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазіргі таңда 7 адамның үстінен қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр.

Қашып кеткен екі азамат халықаралық іздеуде.

Естеріңізге сала кетсек, оларға жеңіл рельсті көлік жолағын салу кезінде 5 млрд 800 млн теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Істі болғандардың әрқайсысының айыбын сот анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы