427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың 48% – отандық өнім

  • 116
COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың 48% – отандық өнім

Елімізде 2025 жылға дейін 30-дан аса ірі фармкомпания бой көтереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобалар фармацевтика және медициналық өндірісті дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асады. Бүгінде елдегі коронавирусқа қарсы қолданылатын дәрілік препараттардың жартысына жуығы – отандық өнімдер. Денсаулық сақтау министрі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қазақстандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтардың аса кәделі екенін атап өтті. Келесі жылы елдегі бірреттік медициналық маскалар өндірісі екі есе артады. Яғни күніне 2 млн данасы шығарылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады. Жалпы елдегі бірыңғай дистрибьютор 32 тауар өндірушімен 63 ұзақ мерзімді келісім жасаған. Осылайша 3600 дәрі атауы шығарылуы тиіс болатын. Биыл оның 590-ға жуығы нарыққа шықты. Соңғы он жылда отандық өндірушілерден 300 млрд теңгеге медициналық өнім сатып алынған.

Хабар 24 телеарнасы