427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауы: өтемақы мөлшері белгіленді

  • 134
Құс тұмауы: өтемақы мөлшері белгіленді

СҚО-да құс тұмауынан шығынға батқан тұрғындарға төленетін өтемақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия отырысының шешімі бойынша нарықтағы орташа баға белгіленді. Қазір ветеринарлар ауру өршіп тұрған Бескөл мен Якорь ауылдарында 4 мыңнан астам үй құсын жоюға кірісті. Бірақ жергілікті жұрт бұл шараға қарсы шығып, арнайы топ мамандарын үйге кіргізбей қойған. Дегенмен карантин талабын орындамаған тұрғындарға 55 мың теңге айыппұл салынады. Бүгінде өңірде 29 ауру ошағы анықталған.

Марат Ыбраев, ҚР АШМ Аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:

– Тауықтың бағасы 944 теңге және жергілікті тұқымды тауық құны – 1346 теңге. Комиссия бойынша қаздардың бағасы 5321 теңгеге және үйректер 2744 теңгеге бекітілді.

 

Хабар 24 телеарнасы