428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қырылған құс үшін 6500 теңгеден өтемақы беріледі

  • 177
  • UPD: 20:10, 06.10.2020
Павлодар облысында қырылған құс үшін 6500 теңгеден өтемақы беріледі

Павлодар облысы өлген әр қаз үшін шамамен 6,5 мың теңгеден өтемақы береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақты сома бір аптадан соң белгілі болмақ. Себебі, статистикалық мәліметтер анықталып жатыр. Кейін құс иелері тиісті құжаттарды жинап, тапсыруы тиіс. Қазір аймақта өлекселерді жою жұмыстары аяқталды. Тоғыз күн ішінде 29174 құс өртелді. Ал құс тұмауы 3 мыңнан аса қанаттыдан анықталған. Оның екі мыңы Железин ауданының Жаңа Жұлдыз ауылында тіркелген.

Рашид Нұрбеков, облыстың бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы:

- Бүгінде 335 мыңнан астам құсқа екпе салынды. Вакцинация шараларымен 13 аудандағы 282 елді мекен қамтылды. Облысқа 500 мыңнан астам доза бөлінген. Тұрғындар өтемақы алу үшін құжаттарды жинап жатыр. Енді тек статистикалық мәліметтер қажет. Жергілікті атқарушы билік шаралардың барлығын бақылауда ұстайды.

Хабар 24 телеарнасы