432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда аспалы көпірден ақау шықты

  • 316
  • UPD: 22:58, 08.10.2020

Атырау қаласында аспалы көпірден ақау шықты. Осыдан 12 жыл бұрын пайдалануға берілген бұл өткел әуежай мен теміржол вокзалына қатынайтын негізгі жолдың кептелісін реттеп келген болатын.

Енді осы аспалы көпір жөндеуге қойылғалы қалаға кіріп-шығу мұңға айналды. Көлік қозғалысына да кедергісі көп. Осыған орай  биыл шаһарда ішкі жолдар мен көпірлер қайта жаңартылмақ.

Бұл аспалы көпір Атыраудан Махамбет, Индер аудандарына шығатын жолды жеңілдетіп келді. Аспалы көпір астынан қаладағы негізгі күре жол: саналатын әуежай мен теміржол вокзалы бағытындағы Бейбарыс даңғылы өтеді. Сондай-ақ жанама жолдар арқылы көлік кептелісі оң шешіліп келген. Енді он жыл қолданыста болған аспалы көпірдің арасы ашылып, асфальт төсемдері жарамыз болып қалып отыр.

Бөлек Әлмембетов, мердігер мекеменің инженері:

- Мұның көлік жүретін асфальтты бетон жабындысы бірашама тозған. Біз тексергенде екі сантиметр тозып кеткен. Ең үлкені деформациялық жамау деген бар. Олар бұзылып кеткен, оны ешкім қарамаған. Біз соны жаңартып жатырмыз.

Биыл Атырау қаласындағы көлік қозғалысын 51 процентке дейін жеңілдету мақсатында кешенді бағдарлама қабылданған болатын. Жаңа  жоба бойынша 8 көшені кеңейту және көпірлерді күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып жатыр.

Әлібек Мұхамбетәлиев, қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары:

- Бізде Бейбарыс даңғылы қаламызда ең үлкен даңғыл болып саналады. Оның ұзындығы 10 км құрайды. Жолдың ені 33 метр. Оның ішінде велосипед жолы 2 метр, ұзындығы 15 км. Жолдың қалыңдығы 80см құрайды.

Өткен жылдың аяғында Орталық көпір де апатты жағдайда деп табылған еді. Алайда қаладағы көлік кептелісіне байланысты ол уақытша пайдалануға беріліп, қайта ашылды. Келесі жылға көпірдің жобалық-сметалық құжаты жасақталса, толықтай  жарақтандырылатын болады. Биыл қала бойынша 27 шақырым жол мен 4 жол айырығы салынып жатыр. Сондай-ақ қала бойынша жаңадан бой көтерген Береке, Атырау-1, Ақсай-1 және Жаңаталап пен Тасқала елді мекендеріне  асфальт төсеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Авторлар: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы