432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдықтар газ тарифінің өсуіне наразы

  • 125
  • UPD: 10:07, 09.10.2020

Аймақта электр желілерінің негізгі бөлігі тез арада жаңартуды қажет етед, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағыттағы түйткіл жайттардың көптен айтылып келе жатқаны да рас. Әсіресе, электр қуатын жеткізуші желілерді жаңғырту мен өндірістік базаларды талапқа сай жабдықтау, жұмысшылардың еңбекақысын көтеру күн тәртібіндегі өзекті мәселелер дейді сала мамандары.

Рүстем Майранов, қалалық электр желілерін тарату қызметінің басшысы:

- Алдағы күз бен қыс маусымына кемінде 200-300 миллион теңге шамасында қаражат қажет болады. Техникалар ескі, мысалы, біздің кәсіпорында небәрі екі-ақ автоматты гидро көтергіш жұмыс істеп тұр. Ал қала жыл санап өсіп келеді. Оған жалғыз өндірістік база қызмет көрсетеді. Жаңа тариф жобасын жылумен және табиғи газбен қамтушы кәсіпорындар да ұсынып отыр.

Гүлжаз Қазбекова, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының м.а.

- Ұсынылған жоба туралы айта кетер болсақ, Запказрэк АҚ ұсынылған тариф деңгейі - 11 теңге 82 тиын, ал қолданыстағы бағасы - 5,29 тиын. Ал Казтрансгазаймақ АҚ-мен ұсынылған жоба - 3846 теңге, қолданыстағы тариф - 2615 теңге. Және Жайықтеплоэнергоның ұсынып отырған тарифі - 5900 теңге, қолданыстағы тарифі - 5 мың 031 тиын. Айта кетерлік жағдай, бұл өтінімдердің тек қана жобасы ұсынылған.

Газбен қамтушы компанияның өтінімі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Тұрғындар көгілдір отынның басым бөлігі өндірілетін өңірде тариф бағасының өсуіне наразы. Сонымен бірге жылу мен жарыққа қатысты төлемдер де арзан емес.

БЛИЦ:

- Электр қуатына көп шығынданамыз. Суға да солай. Оған жылуға төлейтін төлемдерді қосыңыз. Сондықтан тарифтердің өсуін құптамаймыз.

- Көтерген дұрыс емес. Тағы да көтеріп жатыр ма? Көтермеу керек, Коронавирус бар, кредит төлеу керек. Қиын ғой халыққа.

- Қазір газ бағасын көтереміз дейді. Сосын нан бағасы өседі, автобус бағасын көтереді, солай тізбектеліп кете берсе халыққа қиын ғой.

Гүлжаз Қазбекова, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының м.а.

- Бұқаралық ақпарат құралдарындағы «жылуға 15 пайызға өседі, газға 2 есе өседі» деген ақпарат қауесет. Сондықтан бұл берілген өтінімдер бойынша нақты шешім 2020 жылғы қараша айының соңында қабылданады және жария етіледі. Бұл өтінімдер заңға сәйкес департаментпен қарастырылуда. Бұл орташа тарифтерден, кейбір тарифтер Жайықтеплоэнергоныкі сараланады.

Айта кету керек, биыл жыл соңына қарай электр қуаты мен газ және суды жылытуға қатысты қабылданған тарифтің мерзімі аяқаталады. Ал алдағы 5 жылға арналған жаңа тарифтердің көлемі бойынша нақты шешім қараша айында белгілі болмақ.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылгасов

Хабар 24 телеарнасы