429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте карантин мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылды

  • 158
  • UPD: 20:29, 09.10.2020
Шымкентте карантин мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылды

Бірақ аз-кем болса да карантиндік жеңілдетулер бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық талаптарды қатаң ескере отырып, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге рұқсат берілді. Базарлар жұмыс күндері қалыпты режимде істей береді. Сонымен бірге кинотеатр, цирк, балалар ойын алаңдары, мұз сарайлары, сауда кешендерінде орналасқан батуттар әлі де ашылмайды. Ал ашық аспан астындағы кинотеатрлар маскалық және арақашықтықты ұстану тәртібін сақтай отырып жұмысын жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы