428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы сауда орталығында шыққан өрт себебі анықталуда

  • 138
  • UPD: 15:27, 12.10.2020
Павлодардағы сауда орталығында шыққан өрт себебі анықталуда

Өткен түнде Павлодардағы сауда үйлерінің бірінде ірі өрт шықты.

Қызыл жалын төртқабатты ғимараттағы кейбір сауда орнын, кеңсе мен төбені шарпыған. 16 арнайы техникамен 70-тен астам өрт сөндіруші тілсіз жауды тек таңғы сағат 4:00 шамасында ауыздықтай алған. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. Алдын ала болжам бойынша желінің қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Тілсіз жау әкелген шығын көлемі де есептеліп жатыр.

Сүлеймен Бимағамбетов, облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы:

– Өрт сөндірушілер келіп жеткенде сауда үйіндегі жанған аумақтың жалпы көлемі 1500 шаршы метр екені анықталды. Штаб құрылып, 5 учаске жұмыс істеді. От 4:55-те сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы