428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

  • 84
  • UPD: 15:26, 15.10.2020
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 891 кәсіпорында 25,9 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,7 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 511 нұсқама беріліп, 71,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,76 млрд теңге төленді.     

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,9 мың тексеру жүргізді. 4,5 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 137,9 млн теңге сомаға айыппұл салынды.    

Хабар 24 телеарнасы