432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызметті пайдаланған бірқатар лауазымды тұлға пара алу күдігіне ілікті

  • 139
  • UPD: 18:18, 16.10.2020
Мемлекеттік қызметті пайдаланған бірқатар лауазымды тұлға пара алу күдігіне ілікті

Мемлекеттік қызметті майшелпекке айналдырған бірқатар лауазымды тұлға ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша аудан әкімінің орынбасары мен  құрылыс бөлімі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар жер телімдерін пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығарғаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 мың теңге пара алу күдігіне ілікті. Осыған ұқсас жағдай Қарағандыда да орын алды. Облыс әкімдігіне қарасы басқарма басшысының орынбасары мен бас маманы ұсталды.Олар нысанды қабылдау актісін келісу үшін авторлық қадағалауды іске асырушы кәсіпорын директорынан 1 млн теңге алғысы келген. Сонымен қатар Талдықорғандағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен бұрынғы бас медбикесіне қатысты да тергеу басталды. Олар жұмысқа орналастырғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін СOVID-19-ға қарсы күресте госпиталь қызметкеріне түскен үстемеақының 50 процентін алған. Бұл – шамамен 1 млн теңге.

Бұған қоса, Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро директоры да ұсталды. Ол салынып жатқан паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге пара алу күдігіне ілінді. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы