427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте су құбырлары мен кәріз жүйесі жаңартылды

  • 80
  • UPD: 22:09, 17.10.2020
Шымкентте су құбырлары мен кәріз жүйесі жаңартылды

Шымкентте су құбырлары мен кәріз жүйелері жаңғыртылды. Олардың кей тұстары түгелге жуық тозып кеткен. Нәтижесінде шығын да көбейген еді.

Осы жұмыстарға инвестициялық бағдарлама аясында 5 миллиард теңге бөлінген. Шаһар аумағы да жылдан жылға ұлғайып келеді. Сондықтан 20 мың жеке үйді кәріз жүйесіне қосу жоспар да бар. Бұл  жұмыстарды монополияға қарсы ведмоство бақылауға алған.

Асан Дарбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы: 

- Біз іс жүзінде Шымкентте озық технологиялардың қолданылып жатқанын анық көріп отырмыз. Бұл материалдарға жұмсалатын қаражат, яғни экономикалық шығынды азайтады. Энергияны үнемдеуге және тозу сияқты көрсеткіштердің төмендеуіне әсер етеді. Тиімділігі жоғары деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы