425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының полиция департаменті иттер төбелесіне қатысты пікір білдірді

  • 172
  • UPD: 19:52, 19.10.2020
Маңғыстау облысының полиция департаменті иттер төбелесіне қатысты пікір білдірді

Маңғыстау облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған иттердің төбелесіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қансыраған төбеттердің бейнежазбасы осыдан үш жыл бұрын түсірілген екен. Тәртіп сақшылары роликтің иесін тауып, тексеру жүргізген. Жаңаөзен қаласының тұрғыны аталған жағдайға қатысты видеоүндеу жолдады. Онда ер адам иттер төбелесінің 2017 жылы Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының маңында болғанын айтқан. Жануарларға қатыгездік танытқан азаматтардың әрекеті волонтерлердің ашу-ызасын туғызды. Олар бейнежазбадағы иттер төбелесін ұйымдастырушыларды анықтауын сұрап, полиция департаментіне хабарласқан.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысының м.а:

– Әлеуметтік желіге мониторинг жасау арқылы иттердің төбелесі көрсетілген бейнежазбаның тарағанын анықтадық. Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері видеоның авторын тауып алды. Ол бұл оқиғаның 3 жыл бұрын болғанын айтты. Қазір біздің қызметкерлер ол жағдайдың анық-қанығын, нақты қашан, кімнің ұйымдастырғанын тексеріп жатыр. Жалпы полиция қызметкерлері аймақтағы заңсыз иттер төбелесін жіті қадағалауда.

Хабар 24 телеарнасы