425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бекшин өткен локдаун кезінде жіберілген қателіктерді атады

  • 189
  • UPD: 15:24, 20.10.2020

26 қазаннан бастап Алматыдағы кинотеатрларды ашу туралы нақты шешім қабылданған жоқ.

Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Ол үшін мегаполисте жасыл деңгей, яғни эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы тиіс. Дегенмен қалада коронавирус жұқтырғандардың саны артқан. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясы 12 адамнан табылған. Оның 10-ы Алматы тұрғындары болса, екеуі Египеттен ауырып келіпті. Сондай-ақ төрт адам этиологиясы анықталмаған пневмонияға шалдыққан. Жалпы соңғы аптада күн сайын алты коронавирустық пневмониядан тіркеліп тұрған. Брифингте Жандарбек Бекшин өткен локдаун кезінде жіберген қателіктер туралы да айтты.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері:

- Менің пікірімше, қоғамдық көлік қозғалысын таңғы сағат 06:00-ден кешкі 19:00-ге дейін шектеу дұрыс болмады. Жолаушылар нөпірі таңертеңгісін 07:00 мен 10:00 арасында, ал кешкісін 17:00 мен 20:00 аралығында көп. Яғни, шектеуден кейін керісінше, аялдама мен автобустарда адам көп шоғырланады. Ал автобустардың жүру уақытын ұзартқан сайын жолаушылардың қатары сирей түседі. «Кешкі 18:00-де соңғы автобус пен троллейбусқа үлгеруіміз керек», деп ешкім жанталаспайды.

Коронавирус инфекциясы анықталған сәттен бастап Алматы қаласында 14539 зертханалық расталған CОVID-19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 8 мыңнан астам науқаста коронавирус індетінің айқын белгілері болса, ал 6 мыңға жуығында симптомсыз түрде өткен.

Хабар 24 телеарнасы