423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанның 250 азаматы еліне қайта алмай отыр

  • 262
  • UPD: 14:57, 21.10.2020

Олардың шекарадан өтуге рұқсат ала алмай отырғанына 3 күн болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған көлік Ресейдің Қазақстанмен шектесетін Астрахан облысында тоқтап қалды. «Қараөзек» шекара пункті карантин талаптарына сәйкес, оларды өткізе алмайды. Амалы таусылған азаматтар көліктерінде түнеп, өзен суына жуынуға мәжбүр болған. Астрахан облыстық өзбек мәдениеті қоғамдық ұйымының жетекшісі Баходир Әминовтың айтуынша, мигранттар арасында 12 бала бар.

Баходир Әминов, Өзбек мәдениеті қоғамдық ұйымының жетекшісі:

– Шекарадан өте алмай отырған өзбек азаматтары Қазақстан тарапынан көмек болады деп үміттенеді. Олардың кері қайтуға қалталары да көтермейді. Шет елде жүргендіктен, барар жер, басар тауы қалмаған. Елге қайту үшін бір жағдай жасалатын шығар деп күдер үзбей отыр.

Осы мәселе туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі берген түсініктеме бойынша, өзбек билігі өз азаматтарын автобуспен не ұшақпен ұйымдасқан түрде шығаруы тиіс екен. Жеке көлікпен шекарадан өтуге тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы