423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР анықтамасы жоқ екі жолаушы қашып кетпек болды

  • 213
  • UPD: 16:46, 26.11.2020
ПТР анықтамасы жоқ екі жолаушы қашып кетпек болды фото: strategy2050.kz

Өйткені оларда коронавирусқа қатысты тесттің анықтамасы болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылар Түркия, Мысыр, Беларусь, Грузия, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келді. Стационарға апаратын автобустан қашып кеткендер де бар. Дәл осылай Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны арнайы талапқа бағынғысы келмеді. Бірақ кейін олар табылды және тиісті тексерістен өтіп жатыр.

Айта кетейік, 26 қазаннан бастап әуе қатынасына қатысты талаптар күшейе түседі. Яғни ПТР-тест нәтижесі жоқ жолаушылар ұшаққа кіргізілмейді. Ведмоствоаралық комиссия жуырда осындай шешім шығарды. Бұған қоса, алдағы дүйсенбіден бастап елімізге қатынайтын халықаралық рейстердің саны айтарлықтай қысқарады.

Хабар 24 телеарнасы