425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 108 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды

  • 178
  • UPD: 10:30, 26.10.2020
Елордада 108 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды Новости Казахстана

25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына 6 ұшақ қонды.

Рейстерді Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai компаниялары жүзеге асырды. Барлығы 722 жолаушы ұшып келсе, солардың арасынан ПТР-тест нәтижелері болмаған 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Олардан тест алынып, ол теріс нәтиже көрсетсе, онда үйлеріне қайтарылады, деп хабарлайды елорда әуежайының баспасөз қызметі. 

27 қазаннан бастап бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Хабар 24 телеарнасы