425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағайда екі электр станциясы іске қосылды

  • 113
  • UPD: 17:20, 26.10.2020
Қапшағайда екі электр станциясы іске қосылды

Станцияның жалпы қуаты 8 МВт және олар жылына 14,1 млн кВт/сағ электр энергиясы шығара алады, деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Алматы облысының әкімдігінде екі күн электр станциясының пайдалануға берілгені туралы хабарлады. Қуаты 3 МВт «Қапшағай» және қуаты 4,95 МВт «Сарыбұлақ» станциялары жылына 14,1 млн кВт/сағ энергия өндіре алады.

Қапшағай әкімдігінде үш өлшемді қондырғылардың арқасында станциялар тәулік бойы күннің жағдайын бақылай алады және күн модульдерінің барынша тиімді бағдарлануын автоматты режимде қамтамасыз ете алады деп айтылды. Осы технологияның арқасында электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйені орналастырудың статикалық әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ке артады.

Екі станцияның жылдық өндірісі атмосфераға СО2 шығарындыларының 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады. 

Хабар 24 телеарнасы