423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық полицейлер 3 тоннадан астам сораны жойды

  • 172
  • UPD: 17:06, 28.10.2020
Қарағандылық полицейлер 3 тоннадан астам сораны жойды

Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция бөлімшелерімен есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық қызметті анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

«Полиция, прокуратура, ТЖМ және жұртшылық қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссияның қатысуымен арнайы бөлінген орында жалпы салмағы үш тоннадан астам 2576 түп бұрын алынған сора жойылды. Сонымен қатар акцияның барлық қатысушыларына «Есірткіге жол жоқ» логотипі бар қайта пайдалануға болатын маскалар таратылды», – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Талғат Қаскин.

Құрамында есірткі бар өсімдіктер плантацияларын табу бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлердің арнайы іздестіру іс-шараларын жүргізуі тұрақты сипатқа ие. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – еліміздің қалалары мен кенттеріне есірткі жеткізу арналарын болдырмау. Қарағанды облысының аумағында «Қарасора – 2020» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде барлығы төрт тоннадан астам түрлі есірткі құралдары қылмыстық айналымнан алынды.

Хабар 24 телеарнасы