425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында бірқатар карантиндік шектеулер алынды

  • 180
  • UPD: 21:50, 28.10.2020
Қостанай облысында бірқатар карантиндік шектеулер алынды

Ашық даладағы аттракциондар жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Қазақстан біріншілігі, республикалық денгейдегі спорт жарыстарын өткізуге мүмкіндік бар. Тек көрермендерге кіруге болмайды. Облыстық командалар да оқу-жаттығу жиындарын қайта жаңғыртады. Ал қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмыс уақыты түнгі сағат 11-ге дейін ұзартылды. Алайда той-домалақ өткізуге рұқсат жоқ. Түн жарымнан кейін ас-тағамды тапсырыспен жеткізіп беруге болады.

Владимир Нечитайло, облыстың бас санитар дәрігері:

– Бұл мәселе бойынша бізге бірнеше өтініш келіп түсті. Әсіресе Әулиекөл, Федоров аудандарындағы кәсіпкерлердің өтініш-тілегін ескергенді жөн көрдік. Өйткені күре жолдың бойындағы сол аумақтарда жүк көліктері көп аялдайды. Соларды ас-тағаммен қамтасыз ету қажет.

Хабар 24 телеарнасы