423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шет елдерден келген 57 жолаушы жеті күндік карантинге жатқызылды

  • 169
Шет елдерден келген 57 жолаушы жеті күндік карантинге жатқызылды

29-нан 30-на қараған түні елімізге шет мемлекеттерден, нақтырақ айтсақ Түркиядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Мысырдан, Беларусь Республикасынан және Грузиядан 1167 жолаушы ұшып келді.

Оның 1110-ы коронавируспен ауырмайтынын растайтын сынама қорытындысын көрсетті. Ал қалған 57 жолаушыда тиісті анықтама болмай шықты. Енді олар ПТР-тест тапсыру үшін 7 күндік карантиндік стационарға жатқызылды. 1 мыңнан астам адамның 212-сі Нұр-Сұлтан қаласына, 921-і Алматыға ал қалған 34-і Ақтауға ұшып келген.  

Хабар 24 телеарнасы