423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде ПТР-тест тапсыруға ұзын-сонар кезек қалыптасты

  • 165
  • UPD: 05:58, 03.11.2020

Өскеменде COVID-19-ға ПТР-анализ тапсыру орындарында ұзын-сонар кезек қалыптасты.

Cебебі бүгіннен бастап ұшақ пен пойызға тек қолында ПТР-тесттің теріс нәтижесі барлар ғана отыра алады. Сондықтан жүздеген жолаушыға «тест нәтижесі қолыңызда болсын» деген хабарлама түсіп жатыр екен.

Ал қалада тек бір жерде ғана ондай зертхана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне ескертулер тым кеш түскен. Қазір жолға шығамын деушілер жалғыз зертхананың алдында топырлап тұр. Арасында жас та, кәрі де бар. Санитарлық қауіпсіз қашықтық туралы да айтуға келмейді. Тестті тапсырғанның өзінде оның нәтижесін күтуге тағы да уақыт керек. Біреуге бір күн, енді біреуге екі күн. Осындағы тұрғындардың сөзінше, жедел тест нәтижесі керек болса, 20 мың теңге төлеу керек екен. Бұған екінің бірінің қалтасы көтермесі анық. Осылайша сапарға жиналған жолаушылар алған билетіміз күйіп кете ме деп алаңдаулы.

Хабар 24 телеарнасы