422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның Қаратөбе ауданында балабақша карантинге жабылды

  • 290
  • UPD: 10:08, 03.11.2020

Себеп – жоспарлы операция алдындағы тексеріс барысында 3 жасар баладан қатерлі індет белгілері анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты баламен үйде және балабақшада қарым-қатынаста болғандардан да сынама алынды. Айта кету керек, облыста эпидемиологиялық жағдай мәз емес.

Салтанат Ералина, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

– Аудандық бас мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сай балабақша карантинге жабылып, қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық жағдай БҚО-да біртіндеп күрделенуде.

Хабар 24 телеарнасы