423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия басталғалы 3 164 бала коронавируспен ауырған

  • 115
  • UPD: 18:15, 04.11.2020
Пандемия басталғалы 3 164 бала коронавируспен ауырған

Бүгінгі таңда COVID-19 диагнозымен 340 бала ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 3 шақалақ, 18 жасқа дейінгі 337 бала бар. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният брифингте мәлімдеді. 55 балақай ауруханада емделіп жатыр. Қалғандары үйінде ем-домын алып жатыр. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда 3 мың 164 бала коронавируспен ауырды. Бұл көрсеткіш – COVID-19 диагнозы расталған науқастардың 2,7 проценті. Вице-министр хабарлағандай, дүниеге келген 114 сәбиде коронавирус анықталған. Сонымен бірге ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен 1 мың 810 бала тіркелген екен. Бүлдіршіндердің арасындағы өлім-жітім дерегі болған жоқ дейді Ажар Ғиният. Жалпы ауырған баланың 85 процентінде ауру белгілері байқалмаған. 448 бүлдіршіннің орта және 19 бала ауыр халде болды.  

Хабар 24 телеарнасы