420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылдың 10 қаңтарындағы Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар тізімі бекітілді

  • 403
  • UPD: 21:44, 05.11.2020

Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар тізімін бекітті.

Тізім алты саяси партиядан тұрады. Бұл «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» және «Nur Otan» партиясы.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Қазақстанда 6 саяси партия тіркелген. Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіздер жоқ. Сондықтан сайлауға осы тіркелген саяси партияның барлығы жіберіледі. Сонымен қатар комиссия отырысында партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттардың депутаттарын сайлауға жіберу туралы қаулы қабылданды.

Асылбек Смағұлов, ҚР ОСК мүшесі:

- Әділет министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасында 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істеуде. Бүгінгі күні барлық саяси партиялар заңнама шеңберінде жұмыс істейді. Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіздер жоқ. Демек, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына осы тіркелген 6 саяси партияның барлығы жіберіледі. Оларды сайлауға жіберуден бас тартуға құқықтық негіздер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы