422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ойын терминалдары жойылды

  • 115
  • UPD: 09:53, 06.11.2020
Шымкентте ойын терминалдары жойылды Almaty.tv

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері күшіне енген сот үкімдері шеңберінде 21 «Бинго» ойын аппараты, 2 д купол үстелі, 2 электронды купол үстелдері, 8 жүйелік блок, 9 микросхема және 3 сары-жасыл ойын терминалы жойылды.

Аталған ойын терминалдары Шымкент қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәркіленіп алынған, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес казино және ойын аппараттарын арнайы белгіленген аймақтарда орнатуға рұқсат берілген, басқа орындарда казино және ойын залдарын қойылуына шектеу қойылған.

Хабар 24 телеарнасы