422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазпошта: 11 қарашада «AliExpress» жеңілдіктер ұсынады

  • 136
  • UPD: 20:52, 07.11.2020

11 қараша күні Қытай халық республикасында бойдақтар күні аталады. Бұл мерекеге орай аспан асты елінің «AliExpress» онлайн дүкенінде бірқатар өнім түрі 80 процентке дейінгі жеңілдікпен сатылады.

Осыған байланысты отандық «Қазпошта» жергілікті тұтынушылар тапсырыс беретін заттардың көптігіне қарамастан тауарларды елге уақтылы жеткізуге сақадай сай.

Былтыр Қытайдағы бойдақтар күні яғни 11 қарашада «AliExpress» сауда алаңында 38 млрд тауар сатылды. Қазіргі уақытта 3 млн-нан астам қазақстандық дәл осы қытайлық желіні қолданады. Онда тапсырыс берілген тауарларды елімізге «Қазпошта» АҚ тасымалдайды. Сондықтан мамандар белгілі бір тауарды онлайн сатып аларда мұқият болу туралы ескертеді. 

Бек Арпабаев,  Қазпошта АҚ «E-COMMERCE» және логистикалық бизнес департаментінің директоры:

- Біріншіден, сатып алушылар тауарды алар алдында көңіл бөлу керек. Интернет-алаңда сатылатын әрбір тауарға тұтынушылар пікірлерін қалдырады. Пікірлері көп тауарлар қауіпсіз саналады.

Айтпақшы, «AliExpressтен» тауар жеткізу уақыты жыл сайын қысқарып келеді. Мұны тұрақты қолданушылар растай алады. Олардың қатарында қала тұрғыны Анеля Биғожина да бар.

Анеля Биғожина, қала тұрғыны:

- Кейбір тауарлар бір апта ішінде жеткізіледі. Тіпті биыл сәуір айында қатаң карантин кезінде де жеткізілім тұрақты болды. Ол жақтан алдыртатын өнімнің сапасы мен бағасына мін таға алмаймын. «AliExpress» туралы құрбымнан естідім. Ол осы сауда алаңы арқасында төмен бағамен үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп алды.

Сондықтан 11 қараша күні жеңілдіктен құр қалмаңыз. Өз кезегінде «Қазпошта» тауарлардың жаппай ағынына дайын. Өнім елге жеткізілгеннен кейін тұтынушыға смс-хабарлама келеді. Тапсырыс беруші тауарын жақын орналасқан «Қазпошта» бөлімдерінен, супермаркет пен поштаматтан ала алады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы