420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да санитарлық талаптарды күшейту тапсырылды

  • 131
  • UPD: 20:38, 08.11.2020

Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың тең жартысы – ШҚО тұрғындары.

Аймақта сырқатқа шалдыққандар саны күн сайын 350 адамға артып отыр. Жағдайы ауыр науқастардың қатары арта түскен. Өңірге арнайы барған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қалыптасқан жағдайға байланысты селекторлық кеңес өткізді. Эпидемиологиялық жағдайды саралап, қабылданып жатқан шаралар жайын білді. Облыс бойынша 3200-ден аса инфекциялық орын дайындалып, 30 стационар жұмыс істейді. Қазіргі таңда олардың жүктемесі – 23-27%. Науқастарға 600-ге жуық мобильді бригада қызмет көрсетіп жатыр. Медициналық мекемелер 346 өкпені жасанды желдету апаратымен және 1100 ден астам оттегі концентратымен қамтамасыз етілген.

Ауырудың аса жоғары көрсеткіштері Өскемен және Семей қалаларында байқалып отыр. Осыған орай Үкімет басшысы санитарлық талаптарды түсіндіру және олардың сақталуын бақылау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық мекемелерді білікті кадрлармен толықтыру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы