422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан екі азамат ұсталды

  • 90
  • UPD: 17:12, 10.11.2020
Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан екі азамат ұсталды polisia.kz

Алматыда пәтер ұрлықтарымен айналысқан азаматтардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге жалпы сомасы 9 миллион теңгеге мүліктік шығын келтірілген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Бостандық ауданының ПБ қызметкерлері пәтер ұрлықтарымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

– Күдіктілердің бірі – Жамбыл облысында 1987 жылы туған азамат Алматы қаласының Әуезов және Бостандық аудандарында пәтер ұрлығымен айналысқан. Тек біздің ауданда олар 7 пәтерге ұрлыққа түскен. Олар ұрлыққа түскен пәтерлеріне кілттерді іріктеу, домофонға қоңырау шалу арқылы кірген. Күдіктілер негізінен алтын бұйымдар, қолма-қол ақша, ноутбуктерді алған, себебі мұндай заттарды сату кезінде олардың иелерін анықтау мүмкіндігі төмен. Жоғарыда аталған ұрлықтардың салдарынан жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның көлемі 9 миллион теңгені құрады, – деді Бостандық ауданы полиция басқармасының бөлім бастығы Ғалым Қасымбаев.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы