422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде қазақ жауынгеріне құрмет көрсетілді

  • 113
  • UPD: 18:42, 12.11.2020

Кировск қаласында Кеңес одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтің мүсінін ашу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы Отан соғысына қатысқан ол 1943 жылы өз денесімен дзотты жауып қаза тапқан болатын.

Қостанай облысының тумасы Сұлтан Баймағамбетов Синя-вино елді мекенінің әскери зиратында жерленген. Оның есімі берілген жергілікті гимназия алдында батырдың ескерткіші 2001 жылы орнатылған болатын. Ал биыл Қазақстан бас консулдығының демеуімен Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы қазақ ұлттық-мәдени қоғамы мүсінді жаңғыртып, қалпына келтірді.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі:

– Соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мың адам аттанған. Бұл – сол кезде республикамызда тұратын халықтың 20 проценті. Жартысы үйлеріне оралған жоқ. Бұл елдерімізді байланыстыратын ортақ естелігіміз.

Александр Дрозденко, Ленинград облысының губернаторы:

– Бұл қазақ елінің ұлы жасаған ерлігіне тағзым етуіміз. Оның және осы жерде қаза тапқан Қызыл әскердің барлық қаһарман жауынгерлерін мәңгі есте сақтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы