425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жыл басынан бері қанша тұрғын үй пайдалануға берілді

  • 136
  • UPD: 12:55, 13.11.2020
Елімізде жыл басынан бері қанша тұрғын үй пайдалануға берілді

Қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,7% артық.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар қазіргі уақытта 75,8% орындалды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Республика бойынша барлығы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 34 535 жеке үй.

Өсім 15 өңірде байқалады: Шығыс Қазақстан (116,7%), Солтүстік Қазақстан (112,5%), Қарағанды (110,3%), Павлодар (109,6%), Қостанай (109,5%), Алматы (108,5%), Түркістан (107,9%), Жамбыл (107%), Батыс Қазақстан (102,7%), Ақмола (101,6%), Маңғыстау (100,9%), Ақтөбе (100,5%) облыстары мен Нұр-Сұлтан (154,6%), Алматы (103,6%) және Шымкент (103,1%) қалалары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі республиканың 2 өңірінде байқалады: Атырау (88,4%) және Қызылорда (91%) облыстарында.

Хабар 24 телеарнасы