422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарламаға бөлінген 143 млн теңгені жымқырған

  • 72
  • UPD: 09:44, 18.11.2020
Оралда кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарламаға бөлінген 143 млн теңгені жымқырған mail.ru

Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің  қызметкерлері облыс кәсіорындары бірінің директоры ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т., 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып, Орал қ. ПД УҰИ-ға қамауға алынды (ҚР ҚПК 128-б. сәйкес).

Мемлекеттік сатып алуларға қатыса отырып, ол «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ айыпталушы 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы